Мекен-жай:
Б. Жамақаев к-сі, 2
Телефон:
8 (7222) 52-25-31
E-mail:
bsu_okp_rk@mail.ru
Меню
Соцсети:

Басшының блогы

Бас дәрігер Апсаликов Рүстембек Қазбекұлы

1989 жылы 10 ақпанда Семей қаласында дүниеге келген.

2012 жылы Семей мемлекеттік медицина университетін «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша бітірген.

2014 жылы Семей мемлекеттік медицина университетін «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша магистратураны аяқтап, медицина ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алды.

Еңбек жолын 2012 жылы «Семей қаласының наркологиялық диспансері» МКҚК дәрігер-статист болып бастаған.

2015 жылдан бастап «Қазақстан Республикасының Қызыл жарты ай қоғамы» қоғамдық бірлестігінің аумақтық филиалын басқарды.

2018 жылдан - 2022 ж. «ҚР ОКП паллиативтік көмек және мейірбикелік күтім ауруханасы» мекемесінің бас дәрігері.

2022 жылғы қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін - «Семей қаласының Паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім ауруханасы» мекемесінің бас дәрігері.

«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша I біліктілік санаты бар.

Кәсіби шеберлігі, адал еңбегі және халыққа медициналық көмек көрсетудегі табыстары үшін бірнеше рет қала әкімінің және Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшыларының Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталған.

Үйленген, үш баласы бар.

Хабарлама жіберу
«Семей қаласының Паллиативтік көмек
және мейіргерлік күтім ауруханасы» мекемесі
Әрленім және құрастыру
SemStar