«Паллиативтік көмек және мейірбикелік көмек ауруханасы» мекемесінің әкімшілігі мен ұжымы бүгін медбике Әлмұхаметова Шолпан Төлегенқызын лайықты демалыста салтанатты түрде атап өтті. Ардагер денсаулық сақтау саласында 48 жыл бойы қызмет етіп келеді. Еңбек жолын аурухана ашылған күннен бастап, осы мекемеге 25 жылдан астам еңбек жолын арнады. Адал еңбегі үшін «Қызыл жарты ай» қоғамының «Құрмет белгісі» орденімен, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының, Семей қаласы әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Read more