Мекен-жай:
Б. Жамақаев к-сі, 2
Телефон:
8 (7222) 52-25-31
E-mail:
bsu_okp_rk@mail.ru
Меню
Соцсети:

1 наурыз күні Алғыс айту күнін мерекелеу

1 наурыз күні «Абай облысы Семей қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ «Қалалық Достық үйі» КМҚК  Алғыс айту күнін мерекелеу қарсаңында мекеме басшысы Шарова Надежда Васильевна тұлғасында «Семей қаласының паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім ауруханасы» мекемесінің пациенттері мен қызметкерлеріне арналған мерекелік концерт ұйымдастырды.

Музыкалық бағдарламамен «Айша – бибі» вокалдық ансамблі өнер көрсетті. «Семей қаласының паллиативтік көмек және мейірбикелік күтім ауруханасы» мекемесі мерекелік іс-шараны ұйымдастырушылар мен шығармашылық ұжымға өнер көрсеткені үшін алғыс білдіріп, бүкіл ұжымға өркендеу, көп жылдық табысты жұмыс тіледі.

«Семей қаласының Паллиативтік көмек
және мейіргерлік күтім ауруханасы» мекемесі
Әрленім және құрастыру
SemStar