Мекен-жай:
Б. Жамақаев к-сі, 2
Телефон:
8 (7222) 52-25-31
E-mail:
bsu_okp_rk@mail.ru
Меню
Соцсети:

Көп жылдар бойы аянбай, адал еңбек еткен әріптесімізді, лайықты демалысқа шығарып салу

«Паллиативтік көмек және мейірбикелік көмек ауруханасы» мекемесінің әкімшілігі мен ұжымы бүгін медбике Әлмұхаметова Шолпан Төлегенқызын лайықты демалыста салтанатты түрде атап өтті. Ардагер денсаулық сақтау саласында 48 жыл бойы қызмет етіп келеді. Еңбек жолын аурухана ашылған күннен бастап, осы мекемеге 25 жылдан астам еңбек жолын арнады. Адал еңбегі үшін «Қызыл жарты ай» қоғамының «Құрмет белгісі» орденімен, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының, Семей қаласы әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Өз ісінің кәсіби маманы, мол  тәжірибесі бар ол мекеменің медбикелер бригадасы мен кіші медицина қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастыра білді. Шолпан Төлегенқызы жоғары кәсібилігі, еңбекқорлығы, қызметіне деген адалдығы үшін әріптестерінің құрметіне ие болды.

Мекеме ұжымы Шолпан Төлегенқызын лайықты демалысымен құттықтады! Сізге шын жүректен зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз.

07-04-1
07-04-2
«Семей қаласының Паллиативтік көмек
және мейіргерлік күтім ауруханасы» мекемесі
Әрленім және құрастыру
SemStar