Мекен-жай:
Б. Жамақаев к-сі, 2
Телефон:
8 (7222) 52-25-31
E-mail:
bsu_okp_rk@mail.ru
Меню
Соцсети:

«Наурыз мейрамы»

«ҚР Қызыл жарты ай қоғамының паллиативтік көмек және мейірбикелік күтім ауруханасы» мекемесінде «Наурыз мейрамына» арналған мерекелік іс-шара өтті. Шығыс күнтізбесі бойынша Наурыз мейрамы көктемгі күн мен түннің теңелетін күнімен тұспа-тұс келетін жаңа жылдың басы. Қазақтар үшін бұл мереке көктемгі жаңарудың, махаббаттың, бейбітшіліктің, құнарлылық пен достықтың салтанат құруының символы болып табылады.

Науқастарға арналған мерекелік шараларды және қызықты ойын-сауық бағдарламасын  аурухана қызметкерлері дайындады.

Мерекелік бағдарлама аясында түрлі байқаулар ұйымдастырылып, ұлттық киімдер көрсетілді. Науқастар үшін қазақтың ұлттық тағамдарынан жасалған мерекелік шай дастарханы ұйымдастырылды.

«Семей қаласының Паллиативтік көмек
және мейіргерлік күтім ауруханасы» мекемесі
Әрленім және құрастыру
SemStar