«ҚР Қызыл жарты ай қоғамының паллиативтік көмек және мейірбикелік күтім ауруханасы» мекемесінде «Наурыз мейрамына» арналған мерекелік іс-шара өтті. Шығыс күнтізбесі бойынша Наурыз мейрамы көктемгі күн мен түннің теңелетін күнімен тұспа-тұс келетін жаңа жылдың басы. Қазақтар үшін бұл мереке көктемгі жаңарудың, махаббаттың, бейбітшіліктің, құнарлылық пен достықтың салтанат құруының символы болып табылады.
Науқастарға арналған мерекелік шараларды және қызықты ойын-сауық бағдарламасын аурухана қызметкерлері дайындады.
Мерекелік бағдарлама аясында түрлі байқаулар ұйымдастырылып, ұлттық киімдер көрсетілді. Науқастар үшін қазақтың ұлттық тағамдарынан жасалған мерекелік шай дастарханы ұйымдастырылды.