Мекен-жай:
Б. Жамақаев к-сі, 2
Телефон:
8 (7222) 52-25-31
E-mail:
bsu_okp_rk@mail.ru
Меню
Соцсети:

"Семей қаласының Паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім ауруханасы"мекемесіндегі қайырымдылық концерті

2022 жылғы 21 қазанда «М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» қызметкерлері мен студенттері ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында «Семей қаласының Паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім ауруханасы» мекемесінде қайырымдылық мерекелік іс - шара өткізді. Мерекелік іс - шара бағдарламасында би және күй, вокалдық нөмірлер ұсынылды.

Пациенттер, медициналық қызметкерлері әншілердің әндеріне және бишілердің билеріне сүйсініп, іс-шараның барлық қатысушыларын өте жылы және эмоционалды түрде қабылдап, ізгі тілектерін білдірді. Ұйымдастырушылар мерекелік іс - шара соңында медициналық мекеме пациенттері мен қызметкерлеріне  жылы қабылдағаны үшін алғыс айтып, келе жатқан мерекемен шын жүректен құттықтады.

«Семей қаласының Паллиативтік көмек
және мейіргерлік күтім ауруханасы» мекемесі
Әрленім және құрастыру
SemStar