2022 жылғы 21 қазанда «М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» қызметкерлері мен студенттері ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында «Семей қаласының Паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім ауруханасы» мекемесінде қайырымдылық мерекелік іс - шара өткізді. Мерекелік іс - шара бағдарламасында би және күй, вокалдық нөмірлер ұсынылды.
Пациенттер, медициналық қызметкерлері әншілердің әндеріне және бишілердің билеріне сүйсініп, іс-шараның барлық қатысушыларын өте жылы және эмоционалды түрде қабылдап, ізгі тілектерін білдірді. Ұйымдастырушылар мерекелік іс - шара соңында медициналық мекеме пациенттері мен қызметкерлеріне жылы қабылдағаны үшін алғыс айтып, келе жатқан мерекемен шын жүректен құттықтады.