Алғыс айту күні аясында Еңбеккерлер Ассамблеясының мүшелері Семей қаласының Паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім ауруханасының пациенттеріне арналған қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Акцияға «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Көпсалалы қызмет көрсету орталығы» филиалының Семей өңірлік қызмет көрсету орталығы және «Шүлбі ГЭС» ЖШС қатысты.
Еңбеккерлер Ассамблеясының өкілдері медициналық мекемеге барып, қажетті азық-түлік өнімдерін, гигиеналық құралдарды және бірінші кезектегі қажетті заттарды табыстады.
Қайырымдылық акциясы әлеуметтік жауапкершілік пен мейірімділіктің, қолдауға мұқтаж жандарға деген шынайы қамқорлықтың көрінісіне айналды. Алғыс айту күні – қоғамды нығайтатын өзара қолдау, жанашырлық пен бірліктің маңызын айқындайтын ерекше күн.