Мекен-жай:
Б. Жамақаев к-сі, 2
Телефон:
8 (7222) 52-25-31
E-mail:
bsu_okp_rk@mail.ru
Меню
Соцсети:

Ұйым туралы ақпарат

Біздің мекеме ауыр науқастардың жағдайын қолдаумен, олардың өмір сүру сапасын жақсартумен, сондай-ақ науқастардың туыстарына көмек көрсету бойынша кешенді шаралармен айналысады.

Бізде стационарлық емделуде ауыр дертке шалдыққан және емделмейтін ауру түрлерімен ауыратын науқастар бар. Ауруханада оларға медициналық қызметкерлер білікті көмек көрсетіп, ауруды басатын дәрілермен қоса емдеуде. Палаталар күнделікті үй жағдайындағы таныс заттармен қоршалған, оларға туыстары мен достары бекітілген уақытта келіп кездесе алады. Біздің ұйымның принципі – пациенттің айналасындағы «үй» ортасын сақтау, сонымен қатар олардың диагнозына, діни және этикалық наным-сеніміне қарамастан әрбір адамға жеке күтім жасау.


Миссиясы:

Паллиативтік медицина мен мейірбикелік күтім қызметтерін дамыту негізінде медициналық көмектің қолжетімділігі мен жоғары сапасына қол жеткізу.

Мақсат

Пациенттерді күтуде медициналық көмек көрсету сапасын арттыру және бәсекеге қабілетті кадрлық әлеуетті қалыптастыру.


Ұйым туралы қысқаша мәлімет

«Семей қаласының Паллиативтік көмек
және мейіргерлік күтім ауруханасы» мекемесі 55 төсекке есептелген.

Нысаналы топ Халықтың паллиативтік көмек және мейірбике күтімі көрсетілуі тиіс санаттарының тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 96 бұйрығы негізінде әзірленген Семей қаласының паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім ауруханасына жатқызу туралы ереженің негізінде, сондай-ақ жоспарлы емдеуге жатқызуды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес айқындалады. Ауруханаға жатқызу бюросының порталы арқылы ТМККК шеңберіндегі стационар, "Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы" Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № ҚР - ДСМ-27 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 25 Наурызда № 27218 болып тіркелді.</p

Орташа медициналық қызметкерлер келесі қызметтерді жүзеге асырады:

- науқастың денсаулығын тәулік бойы медициналық бақылау және асқынулардың алдын алуға бағытталған шараларды қабылдау;
- пациенттерге медициналық көмек көрсету, оның ішінде оларды күнделікті тексеру;
- науқастарды моральдық-психологиялық қолдау;
- әлсіреген науқастарды тамақтандыру;
- медициналық процедуралар (дене қызуын, қан қысымын өлшеу, компресстер, таңғыштар қолдану, төсек жараларын емдеу, тазартқыш клизмалар);
- пациенттердің денсаулығы нашарлаған кездегі алғашқы медициналық-санитарлық көмек;
- емдеуші дәрігер тағайындаған симптоматикалық терапия кешені;
- науқастарға санитарлық-гигиеналық күтім (сылау, жуу, гигиеналық ванналар, тырнақтарды кесу, тарау, іш киім мен төсек-орын жабындарын ауыстыру);

Ауруханаға жатқызуға арналған көрсеткіштер:

- инсульттан кейінгі жағдай;
- инфаркттан кейінгі жағдай;
- жамбас мойнының сынуынан кейінгі қалпына келтіру кезеңі;
- өзіне-өзі қызмет көрсету мәселелеріне әкелетін буындардың деформациялық аурулары;
- көру және есту қабілетінің төмендеуі, өзіне-өзі қызмет көрсету проблемаларына әкелетін жасқа байланысты есте сақтау қабілетінің бұзылуы;
- онкологиялық аурулар симптоматикалық терапия үшін;
- науқасты мамандандырылған стационардан шығарғаннан кейін өзін-өзі күтуде үнемі көмек көрсетуді қажет ететін операциялардан кейінгі қалпына келтіру кезеңі;
- кәрілік деменция;
- психоневрологиялық аурулар.

Біздің ұйымда стационарлық емделуге қарсы көрсетілімдер – жедел психикалық ауру, туберкулездің ашық түрі және өршу кезіндегі созылмалы аурулар.

 

«Семей қаласының Паллиативтік көмек
және мейіргерлік күтім ауруханасы» мекемесі
Әрленім және құрастыру
SemStar