Мекен-жай:
Б. Жамақаев к-сі, 2
Телефон:
8 (7222) 52-25-31
E-mail:
bsu_okp_rk@mail.ru
Меню
Соцсети:

Бизнес ұжымның МӘМС-тегі мәртебесіне неге көңіл бөлгені абзал?

Кәсіпкерлер көбіне бизнес-процестердің үздіксіз жүруі мен табыс табуға баса назар аударады. Алайда компанияның қызметіне әсер етуі мүмкін бір маңызды тәуекел назардан тыс қалып жатады. Бұл – ұжымның денсаулығы.

Компания ресурстарынан айырылғанда, жекелеген операциялар тоқтайды, мерзімдер бұзылады, тіпті келісімдер де жүзеге аспай қалуы мүмкін. Сондықтан ең құнды актив – қызметкерлер. Егер оларға медициналық көмек қажет болса, олардың қорғалған болуы аса маңызды.

Қызметкерлеріңіз үшін жарналар мен аударымдар төлей отырып, сіз оларға МӘМС жүйесіндегі медициналық қызметтерді қолжетімді етесіз, ал өзіңіз үшін – тұрақтылық пен қызметкерлердің амандығын қамтамасыз етесіз.

Дені сау ұжым – мықты бизнес!

Мәртебені тексеру үшін кез келген ыңғайлы құралды пайдалана аласыз:

- Telegram-дағы SaqtandyryBot (https://t.me/SaqtandyryBot);
- ӘМСҚ сайты (https://msqory.kz/ru/naseleniyu/uznat-status-kalkulyator-osms/uznat-status-zastrakhovannosti/);
- Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасы;
- eGov.kz сайты немесе eGov mobile мобильді қосымшасы;
- сондай-ақ кейбір екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары.

01_Slide_BIZNES_KAZ
02_Slide_BIZNES_KAZ
03_Slide_BIZNES_KAZ
Cover_BIZNES_KAZ
«Семей қаласының Паллиативтік көмек
және мейіргерлік күтім ауруханасы» мекемесі
Әрленім және құрастыру
SemStar