Мекен-жай:
Б. Жамақаев к-сі, 2
Телефон:
8 (7222) 52-25-31
E-mail:
bsu_okp_rk@mail.ru
Меню
Соцсети:

Стационарлық көмек көрсету қағидалары

1. Науқас қабылдау бөлмесіне жүгінген кезде  міндетті түрде төмендегі құжаттар  өзімен бірге болуы керек:

- ЖСН бар жеке куәлік (2013 жылдан бастап ЖСН-сыз емдеуге жатқызу мүмкін емес), емдеуге жатқызу түріне (жоспарлы немесе шұғыл) және жіберілген мекемеге (МСАК, ПСТ, жедел жәрдем және т. б.) қарамастан.

- "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы"ҚР ДСМ м.а. 30.10.2020 жылғы № 175 бұйрығына сәйкес нысан бойынша стационарға жіберу.

- тәуліктік стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу кезінде: жолдама жоспарланған стационардың емдеуге жатқызу күнімен, емдеуге жатқызу порталынан басып шығарылуы, науқастың емдеуге жатқызуға келісімі туралы және тиісті патология бойынша 10 күндік мерзімнен аспайтын зерттеп-қараудың бар-жоғы туралы қолы болуы тиіс, қолында амбулаториялық картадан үзінді көшірме болуы тиіс.

2. Жоспарлы емдеуге жатқызу аптаның жұмыс күндері сағат 9.00-дан 14.00-ге дейін жүргізіледі.

3. Шұғыл емдеуге жатқызу емдеу мекемелерінің жолдамасы бойынша аптаның жұмыс күндері сағат 15.00-ге дейін (сенбі, жексенбі, мереке күндерін қоспағанда) жүргізіледі.

Ауруханаға жатқызу мәселелері бойынша телефон арқылы хабарласуға болады:

8 (7222) 52-25-31
8 708 467 29 89

«Семей қаласының Паллиативтік көмек
және мейіргерлік күтім ауруханасы» мекемесі
Әрленім және құрастыру
SemStar