Сіздерге Семей паллиативтік көмек мейірбикелік ауруханасында жаңа мамандандырылған 3-кезеңді жүректі оңалту бөлімі ашылғанын хабарлаймыз.
Бөлім тәулік бойы жұмыс істейтін стационарлық жағдайда 3-кезеңді (кеш) медициналық оңалтуға арналған. Кардиология және кардиохирургия мамандандырылған.
ГОСПИТАЛИЗАЦИЯЛАУ ТӘРТІБІ:
Госпитализациялау «Госпитализациялау бюросы» порталы арқылы жоспарланады. Жолдаманы клиникадағы жергілікті дәрігер жасайды.
Емдеу міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘС) жүйесі бойынша тегін жүзеге асырылады.