Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды кейде жеке шот ретінде қабылдайды: адам тұрақты түрде жарна төлеп, шамамен өзі төлеген сомаға тең медициналық қызмет аламын деп күтеді. Әлеуметтік желіде МӘМС жүйесін жойып, жеке жинақ шоттарына көшуді немесе бұрынғы бюджеттік модельге қайта оралуды ұсынатын пікірлер жиі кездеседі.
Алайда денсаулық сақтау саласындағы негізгі экономикалық заңдылық қарапайым: медицина неғұрлым заманауи болған сайын, оның құны да соғұрлым жоғары болады.
Елестетіп көріңізші: сіз тұрақты түрде жарна төлеп, бұл қаражат болашақта өзіңізді емдеуге қажет болады деп ойлайсыз. Ал егер сізге күрделі ота немесе қымбат емдеу қажет болса ше?
Орташа көрсеткіштерге сүйенсек:
- Жұмысы бар азамат жылына шамамен 276 780 теңге аударады
- Дербес төлеуші - 51 000 теңге
Отбасыңызда бала, жасы үлкен ата-ана ауырып қалса немесе шұғыл медициналық көмек қажет болса, бұл қаражат жете ме? Әрине, жетпейді. Ауыр дертті емдеу құны жеке жинақтардан бірнеше есе көп.
Карусельден жиі кездесетін және ең қымбат емдеудің нақты бағасын көрсеттік.
Қазақстанда МӘМС жеке жинақтау есебі емес, ынтымақтастық қағидаты бойынша жұмыс істеуінің де себебі осы:
- Барлық жарналар ортақ қорға біріктіріледі.
- Медициналық көмектің көлемі сіз аударып отырған төлемдердің сомасына емес, медициналық көрсетілімдерге байланысты белгіленеді.
- Ауыр дертке шалдығу жағдайлары миллиондаған қатысушылар арасында бөлініп, әрбір отбасын үлкен шығындардан қорғайды.
«Ал ақшаның жұмсалуын бақылау қалай жүзеге асады?»
Қаражаттың қайда кететінін көру және бақылау үшін жүйені жинақтаушы үлгіге ауыстырудың қажеті жоқ. Қорда «халықтық бақылау» тетігі іске қосылуда: eGov Mobile мен Жеке кабинетте көрсетілген қызметтердің тарихын, олардың бағасын көріп, қабылдауды растап, дәрігерлердің жұмыс сапасын бағалай аласыз.