«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ бабына сәйкес, «Семей қаласының Паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім ауруханасы» мекемесі бас дәрігері пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметін құру туралы бұйрық шығарды.
Пациентті қолдау және ішкі сараптама қызметінің мақсаты - проблемалық мәселелерді анықтау және медициналық көмек көрсету сапасын одан әрі жақсарту.
Пациентті қолдау және ішкі сараптама қызметінің негізгі міндеттері:
Егер Сіз медициналық көмек көрсету тәртібі мен сапасына қатысты мәселелерге ұшырасаңыз, ПАЦИЕНТТІ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІНЕ жолығыңыз.
Объективтілік қағидасын сақтау мақсатында Сіздің шағымыңызды комиссия қарастырады.
Сізге қолайлы болу үшін Сіз атыңыз, тегіңіз және байланыс деректері (телефон, мекен - жайы) бар хабарламаңызды біздің аурухананың әр қабатында орналасқан «Ескертулер мен ұсыныстар» жәшігіне жазбаша түрде қалдыра аласыз, сонымен қатар хабарласып, өз арыңызды медициналық ұйымның сайтында қалдыруыңызға да болады: біздің сайтымыз https://bsu-semey.kz/ «Басшының блогы» айдарына, сондай – ақ Сіз кез келген сұрақ бойынша WhatsApp мессенджері бойынша 87088418085 номеріне өзіңіздің жазбаша жолдауыңызды жіберіп, қызмет сапасын арттыру бойынша ұсыныстарыңызбен анкетаны толтыра аласыз. Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметіне қалалық телефон арқылы хабарласуға болады: 8 (7222) 52-25-31.
Азаматтардың жазбаша өтініштері қабылданады:
Пациентті қолдау және ішкі бақылау қызметі Сіздің өтінішіңізді қысқа мерзімі ішінде қарап, бес күнтізбелік күннен кешіктірмей, Сізге өтінішіңізді қарау қорытындысы туралы мәлімет береді.
Біздің мекемеде медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға көмектесетін өтініштеріңіз, пікірлеріңіз және тілектеріңіз үшін Сізге алғыс айтамыз.